Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев ашық есік күнімен Жымпиты ауылдық округінің Бірінші май және Өлеңті елді мекендерінде болып, тұрғындармен кездесті. Округ әкімі Қайрат Төлепов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Тұрғындарға міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, ауыз су мәселесі, жолды күтіп ұстау, электр жарығы, қоғамдық тәртіп, мал басын бірдейлендіруге қатысты тиісті сала басшылары түсінік берді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Т.Төреғалиев тұрғындардың сауалына жауап берді. 
Аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы Бірінші май елді мекенінде 300 басқа арналған база салып жатқан «Хамза» шаруа қожалығының жұмысымен, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептің ауласын абаттандырып, өрнектас төсеу жұмыстарымен, жаңа кейіпке енген мектеп мұражайымен танысты. Және ашық есіктің қорытындысы түстен кейін аудан орталығы Жымпиты ауылында өтті.