Сәлеметсіздер ме! Осы бөлімде біздің ресми интернет ресурсқа кірушілердің сұрақтарына жауап береміз. Төменде, Сіз өз мәселеңіз бойынша сұрақ қоя аласыз, ал біз жедел жауап беруге тырысамыз.

Комментарии  

# Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ 17.09.2019 05:17
Ұсыныс
Қазақ халқының орыс отаршылдығынан құтылуы үшін 30 жылдай уақыт(1773-1801 жылдары) күрескен ұлы күрескер Сырым сардардың сенімді серіктері болған - Қазақ халқының бетке ұстар азаматтары, сол кездегі білікті билері және батырлар ретінде мемлекеттік маңызды істерге үлкен жігермен араласқан, парасатты қозғалыс басшылары, ақылшы ағалар, көреген көсемдер ретінде өз елін талай рет тағдыр соққысынан аман алып шыққан, үнемі ел қамын ойлап, оларды ұлттық азаттық көтеріліске көтерген Сегізбай би, Басығара би, Қаратау би, Тұрмәмбет би, Көккөз би, Қаракөбек би, Сыпыра би, Құлжабай би, Тілеу би сияқты билер мен Барақ батыр, Асау батыр, Ақпан батыр, Атағозы батыр, Тіленші батыр, Амандық батыр, Қара батыр, Саржала батыр, Шәпи(Сапы) батыр, Мыңбай батыр сияқты батырларға жаңадан ашылып жатқан шағын, ықшам аудандарға Сырым батырдың атын беріп, Сырым батырдың сенімді серіктеріне көшелердің атын берсе нұр үстіне нұр болар еді.
Қосымша тіркелді:
1. Аманғали Әміржанұлының «Сырым сардардың серіктері» атты мақаласы, 17.09.2018 жыл.

Ақтөбе қаласының тұрғыны: Н.Есенғазы
Ответить
# Аудан әкімі Т.Төреғалиев 17.09.2019 05:19
Құрметті Нұрлан Есенғазы!

Сіздің 2019 жылғы 27 тамыздағы менің блогыма жазған жазбаңыздағы мәселеңіз бойынша төмендегідей мәлімет беремін.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің 2018 жылғы 12 қарашадағы қала және облыс әкімдердің қатысуымен өткен кеңестін хаттамасында «өңірлік ономастикалық комиссиялардың жұмысын тоқтата тұру» жөнінде тапсырмасына сай, «жаңадан ашылып жатқан шағын, ықшам аудандарға Сырым батырдың атын және Сырым батырдың сенімді серіктеріне көшелердің атын беру» туралы ұсынысыңызды қазіргі таңда аумақ халқының пікірін ескеру қағидасы бойынша тиісті жұмыстарды атқару мүмкін емес.
Келешекте, ауданда елді-мекендерге атау беру немесе қайта атау беру туралы аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары кезінде ұсынысыңыз ескерілетіндігін және ұсынысыңызда көрсетілген тұлғаларды облыс орталығындағы және өңіріміздін аудандарындағы көше атауларына беру кезінде ұсыныстағы тұлғалар есімдерін аумақ халқының қарауына енгізу жөнінде тиісті мекемелерге тапсырма берілді.
Ответить
# Утепова Акгуль 25.05.2017 18:54
Здравствуйте я Утепова Акгуль.Мен сиздерден сурайн дегеним осы жылы буйырса Оку бетирем Колледж Если колледж битирип Сиздерге барсам Сиздерден кандай комек болады.Менин мамандыгым Юрист.Вишее звучный тапсырамын.Пока что хотела Колледж Дипломен жумыс истеуге .Мен Практика дан отим 3ай Орал каласы ДВД 1ши Миграция дан и 2ши Практика Халыкка кызмен корсету орталыгынан [Цон ].Рахмет Сау болныз .Сиздерден Ответ кутем.
Ответить
# Аудан әкімі А.Шыныбеков 08.06.2017 10:52
Құрметті Акгуль!
Сіздің 2017 жылғы 25 мамырда менің блогыма жазған жазбаңыздағы мәселеңіз бойынша төмендегідей мәлімет беремін.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттармен:
1) Жеке басын куәландыратын құжат;
2) Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);
3) Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Қазіргі таңда Сіздің мамандығыңыз бойынша ауданда тұрақты бос жұмыс орындары жоқ. Мамандығыңыз бойынша «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті БАҚ беттеріне жарияланатын конкурстарға қатысу арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндігіңіз болатындығын хабарлаймын.

Аудан әкімі А.Шыныбеков
Ответить

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту