Журалиев Ерлан Шалбаевич – 1976 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тоғанас ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1992 жылы Тоғанас орта мектебін бітірген.

Білімі жоғары. 1993-1998 жылы Батыс Қазақстан Аграрлық университетінде «зоотехния» мамандығы бойынша білім алған.

2002-2005 жылдары Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген.

2001-2018 жылдары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

2019 жылдың 22 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспектор заңгері лауазымында қызмет атқарып келді.

Сырым ауданы әкімінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №157 өкімімен Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі лауазымына арнайы тексерістің нәтижелері келгенге дейін уақытша тағайындалды

 

Ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Айткалиев Тимур Саламатұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты өзінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.

«Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 36-бабына сәйкес бос тұрған Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі лауазымына 2019 жылдың 12 қыркүйегіне сайлау тағайындалып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сайлау өткізілді.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Журалиев Ерлан Шалбайұлы таңдаушылардың 100% дауысын жинап, тағайындауға ұсынылды. Аудан әкімінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №157 өкімімен Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалып отыр.

Журалиев Ерлан Шалбаевичтің өмірбаянымен таныстырып өтейін.


 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Ж.Жақановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып Гумаров Арман Мұратұлы тағайындалды.
Гумаров Арман Мұратұлы 1985 жылы БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген.
2002 жылы Қ. Мырзалиев атындағы орта мектепті аяқтады;
2002–2006 жылдары аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде;
2009–2011 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінде білім алды. Кейін бірқатар мемлекеттік қызметтерде болды. Осы қызметке дейін БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерді әкімшелендіру бөлімінің басшысы лауазымында атқарды;
2017 жылдың ақпан айының 14 бастап Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы